Құрметті Теміртау қаласының тұрғындары!

04.09.2009

Сіздерге ҚР Кодексының «Әкімшіліктік құқық бұзулар туралы» 239 бабына сәйкес – «құрылысы аяқталған, бірақ белгіленген тәртіппен пайдалануға енгізілмеген нысандарды, кешендерді немесе бөлек құрылымдарды пайдаланған жағдайларда (қызмет көрсету, пайда табу мақсатында өнім шығару) - жеке тұлғаларға бестен онға дейінгі айлық есеп көрсеткіші көлемінде айыппұл салынады...»

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 шілдедегі № 1018 қаулысына сәйкес «Қабылдау комиссиясының актісі тапсырыс беруші (құрылыс салушы) үшін жеке тұрғын үй меншігіне құқық беруші куәлік» болып саналады.

«Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ және «Теміртау қаласының құрылыс бөлімі» ММ жеке тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау бойынша акция жүргізеді. Сәулет бөлімі және құрылыс бөлімі қажетті келісімдерді өздері жүргізеді.

Қабылдау актісін алу үшін Сіздерге үй құрылысына құқық беруші құжаттарды және техникалық төлқұжатты қалалық сәулет бөліміне мына мекенжайға алып келулеріңіз қажет: Металлургтер даңғылы, 12, № 2 кабинет.

Анықтама бойынша телефондар: 91-23-70, 91-23-65.


Reply

  • Web page addresses and e-mail addresses turn into links automatically.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd> <img> <h2> <h3> <h4> <h5> <h6> <u> <strike>
  • Lines and paragraphs break automatically.

More information about formatting options

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 0 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері