Қала тұрғындарының назарына !

29.10.2008

Қазіргі уақытта пәтерлерді өз еркімен қайта жоспарлау оқиғалары орын алуда – бұл екі пәтерді бір пәтерге біріктіру немесе пәтер ауданының қабырғасын құлату. Бұл тәртіп бұзушылықтарға бақылау жасау қиын, бірақ көршілердің дабылымен бұл тәртіп бұзушылықтар анықталуда және кінәлілар жазалануда.

Пәтерді қайта жоспарлау кезінде құрылыс монтаж жұмыстарына рұқсат алуды ресімдеу қажет.

Құжаттарды ресімдеу үшін жобаға осы жобаға лицензиясы бар жобалаушы-конструкторларға тапсырыс беру қажет. Зерттелген жобаны Металлургтер даңғылы, 12 мекенжайдағы «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бастығымен келісу қажет.

Сонымен қатар ойықтарды орындауға құрылыс ұйымдарымен шартқа отыру керек.

Жоба келісілгеннен кейін және құрылыс ұйымдарымен шарт жасасқаннан соң тапсырыс берушіге «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет құрылысын бақылау Басқармасы» ММ-нен құрылыс салу-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу қажет.

Екі және одан да көп пәтерлерді біріктіргенде немесе осы пәтерлерді бөлгенде қосымша жергілікті атқарушы органның шешімі қажет.

Осы барлық құжаттар болғанда ғана пәтерді қайта жоспарлауға кірісуге болады.

Өз еркімен қайта салулар кезінде пәтер иелеріне әкімшілік тәртіп бұзушылық жөнінде іс қозғалады және «Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы» кодекске байланысты айыппұл салынады.


Reply

  • Web page addresses and e-mail addresses turn into links automatically.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd> <img> <h2> <h3> <h4> <h5> <h6> <u> <strike>
  • Lines and paragraphs break automatically.

More information about formatting options

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 18 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері